Jyltyr
Еркелеп жүрсің сағына
Сені ұната берем, сені ұната берем
Bidash
Ертерек келші жаныма
Тоқтайды сағаттар дереу
Тоқтайды сағаттар дереу
Jyltyr
Бұл жай ғана сезімнің
Басында екеуіміз қалмайық адасып
Бұлт шайған көңілді басып
Бірге алма кезек тұрайық су шашып
Сый жасап кенеттен тосын
Отырып алам сені үй жағында тосып
Ойланып қалмай ма шошып
Сенің қалай екен көңіл күйің осы?
Припев
Bidash
Көңіл күйімді сұрама
Көңіл көтеруді үйрет!
Бірақ секілді драма
Күйің керек те емес!
Jyltyr
Дейсің де өзің сұрама
Кейін өкпелеп жүресің
Ренжіп кетіп маған жылап алып
Келесің болып таңғы елес
Bidash
Дереу жеткің келсе кедергіні аста
Бірақ тазалап ал ойларыңды ластан
Бәлкім қарап көріп қайталайсың бастан
Менде парақ толды бүлінген көз жастан
Миымның арманы құпиядан асқан
Бізде де бар мәні екенін тұр растап
Менде оған мән беріп елең етіп бастап
Көріп едім
Мен де сені енді емдегендей едім
Сен де мені емдеп алады ма дедім
Көңілім гүлденді мұздарым да еріп
Саған мен сеніп келдім болады деп серік
Өзіңе енді бар көңілімді ашып
Болып қалып саған ғашық
Күтіп сыйыңды тосын
Тұрсам қалай дейсің
Көңіл күйім осы
Припев
Bidash
Көңіл күйімді сұрама
Көңіл көтеруді үйрет
Бірақ секілді драмма
Күйің керек те емес
Jyltyr
Дейсің де өзің сұрама
Кейін өкпелеп жүресің
Ренжіп кетіп маған жылап алып
Келесің болып таңғы елес