...

Бір шәугім шай ТЕКСТ

Өмірқұл Айниязов

Бір шәугім шай барма еді естеріңде,
Қара шәугім қайнайтын пештеріңде.
Қайран анам малынып қара терге,
Таңертең, түс, құятын кештеріңде.
Қайран анам малынып қара терге,
Таңертең, түс, құятын кештеріңде.

Қойдың қиы – отыны құрғақталған,
Қара мұржа түтіні будақталған.
Таң бозынан тұратын қайран анам,
Бір шәугім шай құятын қаймақталған.
Таң бозынан тұратын қайран анам,
Бір шәугім шай құятын қаймақталған.

Тезек теріп келуші-ек қыраттардан,
Су әкеліп құятын бұлақтардан.
Қара шәугім қалдың-ау қара қоста,
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам.
Қара шәугім қалдың-ау қара қоста,
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам.

Бір шәугім шай ішейік сыр ақтарып,
Анамызды ешқашан жылатпайық.
Келіп-кетіп тұрайық сағынышпен,
Айлап емес ара күн бір апталық.
Қара мешің құт болып тұра берсін.
Тамған терін анамның құлатпайық.

бир,шаугим,чай,шәй,омиркул,ани,әні,казакша,қазақша,андер,әндер,,,,,мәтіні,матини,создери,сози,сөзі,сөздері,текст песни,ән,ан,слова,слова песни,слова песен,Qoshiq,so’zlari,Qo’shiq,matni,sozi,matnlari,tekst,лирикс,lyrics
4.4 9 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх