Ойын-сауық порталы

Black Dial – Бұл соңы емес ТЕКСТ

Ken-G:
Тамшылады тез, салқындады дем,
Мұңлы жүрекке табылмады ем
Tachi: Көздерімді жап, көргім келмейді
Қатыгез қылған, мені сезбейді.
Жүрегімді ұста, кеудем мүлде тар
Қысылып барам жара мұң мұнда

Ray:
Қалайша адам бұлай төзімді?
Жаным шашырап жерге езілді.
Tachi: Ұрланып қара, бола алмайды тек
Жылады аспан, жылады әлем – Ray:
Қалдырған маған бақытты алып кел
Қолымды созам маған жарық бер…
Жарық бер… – 4р.

L:
Күнделікті бір күн қайталана береді ме?
Неге шарасыз қалдырады тағдыр мені күнде?
Жабық жолдар есік таппадым, қараңғы қамал, лабиринт
Бұл кімнен келген зауал?*

Teddy:
Эй, жарық бер маған тыным тауып бер
Естиді ме мені, естиді ме мені?
Ауасы жоқ, тарылып тұңшығудамын
Жүректі шүберекпен сүртсем де, тікенектерінен құтылмадым мен.
Жоқ, енді керек емес, мені сынағандарынның жегідей жеп
Жаман арам елес түсіме кірді де қиратып жанымның төзіне тиіп,
Дәлме дәл солай өңімде қайталанады деп қорықпасам да өлемін*?!
Соңында төмеңгі тереңдікте топырақпен теңдесем!

Teddy:
Кінәлама мені жай айтамын
Кінәлама өзім жауап беремін
Қабылдамадым мен керексіз өмірді
Сонда да дірілдеп жатыр денем
Көзім ақты көре алмады , алынбайтындай белес
Бірақ біреу сыбырлайды “Бұл әлі соңы емес”!

Tachi:
Жүрегімді ұста, кеудем мүлде тар,
Қысылып барам жара мұң мұнда
Ray: Қалайша адам бұлай төзімді?
Жаным шашырап жерге езілді.
Tachi: Ұрланып қара, бола алмайды тек
Жылады аспан, жылады әлем
Ray: Қалдырған маған бақытты алып кел
Қолымды созам маған жарық бер…
Жарық бер… – 3р.

Ray:
Құстар тез қайта оралар
Тоқтат, сенде бәрі оңалады,
“Бұл соңы емес” өз өзіме айтам
Бұл соңы емес, енді бәрін қайтар. – (2р.)…

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, блак дайл, бул соны емес
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments