...

Болашағымды оған сеніп тапсыра аламын ба?

Ассаламуалейкум! Бүгін мен де сіздермен өз басымнан өткен хикаямды бөліскелі отырмын. Менің жазушылық кабілетім жоқ сол үшін де сіздерден алдымен кешірім сұраймын. Барлығы 2009 шы жылдың 16 шы желтоқсанынан басталды. Мен осы жылы 11ші сыныпты аяқтап окуға түстім. Жаңа оқу орыны, жаңа таныстар , жаңа достар демекші бұл қаладан да өзіме жаңа достар таптым. Менің группамда Айнұр есімді қыз оқыды алғашқыдан ақ екеуіміз жақсы араласып достасып кеттік. Ол бір отбасылы адамдармен пәтер жалдап тұрып жатқан болатын.
Бір күні ол сабаққа ауырып келді де үйіне сұранып кеткен болатын, сол кеткеннен хабарсыз кетті. Арада бір апта өткеннен кейін барып телефоныма қоңырау түсті. Сол Айнұр екен, ол ауырып кеткен күні ақ оны өзі пәтер жалдап тұрып жатқан кісінің інісі үйінен алып қашқан екен. Міне енді Айнұрдың өзінің үйіне құдалыққа бару керек екен жанымда бол деп мені алып кетті.
Олардың ауылдарына, үйлеріне бардық. Үйге кірдік, кыздың ата- анасмен таныстық, үйде бір қара торы жігіт отыр ашулы екені көрініп тұр. Таныстық ол Айнұрдың туған бауыры Думан екен. Ол кезде мен оған мән беріп те қарамаппын, мен бұл жігітке осылай ғашық боламын деп сол кездері ойламаған да едім. Құдалық ойдағыдай өтті, қалаға кайттық. Осыдан соң алда той күтіп тұрды. Тойында қыз жолдасы болуға да келістім…
Арада зулап уақыт өтіп жатты. 2011 ші жылдың қыркүйек айында осы Айнұрмен агент арқылы сөйлесіп отырсам “кешір мен Айнұр емеспін мен Думанмын саған авторизация жіберсем бола ма?” деп жазды мен “ия болады” деп жауап қайтардым. Міне осы сәттен бастап біз агент арқылы, одан соң телефон арқылы сөйлесе бастадық. Мен оған өзімнің бауырым ретінде қарап жүрген болатынмын, ал ол болса мені ұнатып қалғанын айтып сендірумен болды. Мен оған үнемі “сен менің бауырымсың” деп бетін қағып жүрдім (ол кезде оған деген еш сезімім болмаған)
Осы күндердің бірінде Айнұр екеуіміз қатты ренжісіп қалдық, сол кезде менде Айнұрдан кек алу деген арам ой қалыптасты. Мен Думанмен кездесіп жүруге келісім бердім. Күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесеміз, одан әрі смс арқылы маған сезімдерін дәлелдеумен болатын. Менің достарым маған “байқа соңында өзің ұнатып қалма,ойыннан от шығады” деп талай айтқан еді, оларды тыңдамадым да. Сол уақытта Думан Айнұр екеуіміздің арамыздағы ренішті түсініспеушілік болғанын түсіндіріп бізді қайта татуластырды. Осылай жүріп мен Думанға қалай бауыр басып, оны қалай ұнатып қалғанымды да сезбей қалыппын. Бірақ ол тым қызу қанды еді, сәл нәрсе ұнамай қалса төбелесе кетуге бейім болды, мен ондай қылықтарын естігенде ренжіп, “енді осындай бір жаман қылықтарыңызды көріп жатсам біздің жолымыз екі жаққа кеткені деп біліңіз” деп айтқан болатынмын. Екеуіміз үйленетін болып шештік, ол ауылына барып ата-анасына айтып, келісімдерін алып келді.
Бірақ, бәрі тым жақсы болып кетті ме жоқ әлде біз бақытты болуға лайықты емеспіз бе білмедім бақытымыз ұзаққа созылмады ол ауылынан келгеннен соң тіпті кездеспедік те. Ол келгенін айтып хабарласты содан соң бір күн бойы үнсіз кетті. Мен не ойларымды білмедім, неде болса оның қайда екенін жолдастарынан сұрайын деп оның атынан агентке кірдім, сол кезде онымен бір қыз амандасып қайда екенін сұрады. Мен Думан емес екенімді айтқанымда ол қыз Думанның қайда екенін білесін бе деп сұрады, мен “жоқ, соны өзім де білгім келіп отыр” деп едім, ол маған “Думан қазір полиция бөлімшесінде, оны біз көрдік” деп айтты. Мен сенбедім. Ертесіне күнімен тағы да Думаным хабарласып қалар деп күттік, тағы да жоқ. Не істерімді білмей Айнұрға хабарластым, сұрадым барлығы сол қыздың айтқанындай болып шықты. “не болғанын өзіміз де білмейміз, ертең айтамын” деп телефонды қоя салды. Мен өзімді қоярға жер таппадым, жүрегімді Думанның еш кінәсі жоқ ол мұндайға бармайды деген ғана оймен жұбаттым.
Ертеңінде Айнұрға звондасам маған айтқаны тек “ Думан сені жақсы көреді, саған күтсінші деп айтты, оның жағдайы жаман” деп қана айтты, мен олармен бірге барып Думанды ең болмаса бір көрейінші деп сұрандым ол осы аптаның ішінде барамыз хабарын беремін деп келісті. Міне екі күн күттім хабар жоқ, бүгін оқу орныма барып Айнұрды көрдім, одан не болып жатқанын түсіндіріп беруін сұрадым, ол маған “ кеше СОТ болды ол қазір қамауда, ақша төлеп шығарып алмақ та болдық дым шықпады, жанындағы жолдасы бір әйелдің қалта телефонын ұрлап қашқан екен, Думан түсінбей жаңағы әйелдің жанында тұрып қалыпты сол кезде полиция қызметкерлері келіп ұстаған осының барлығы сыртқы камераларға жазылып қалған екен, бірақ бұлар топпен қатысқан, оларды әлі де тексереміз деп, әлі де ашылмаған істерді осыларға жауып жіберген екен,енді адвокат жалдап жатырмыз ” деп сөзін аяқтады. Мен Айнұрды жұбатқандай болдым, бірақ өзімнің де көңілім бос…
Қазіргі ойым мен оны қашан болса да күтуге дайынмын, бірақ ол бостандыққа шыққан күнде де бұрынғы менің сүйгенім маған дәл сол көз қараспен қарай ала ма? Мен өз өмірімді, болашағымды оған сеніп тапсыра аламын ба?- деген ой қинайды.

болашагымды оган сенип тапсыра аламын ба,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх