Бура

Бура қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі найман тайпасының ергенекті тобынан таратылады. Ергенектіден Шеге, Алушы, Сырдақ аталары өрбиді. Орта ғасырлардағы араб саяхатшылары тоғыз оғыз мемлекетінің аса көп тайпасы қатарында жаймауыт, бура (Боғра), бураша, шегелі, тоқсаба ұлыстарын атайды. Бура этнонимі сол Боғрадан шыққан. Бура есімі б.з.б. 3, 2 ғасырларда Ғұн мемлекетінің іргесін көтерген ұлыстар қатарында еске алынады.

абак керей, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, ,
Прокрутить вверх