Дана Кентай – Кетпе ТЕКСТ
Сен кетерсің жыраққа
Жүрегімді қайтармай
Мың бір түрлі сұраққа
Жауабыңды айта алмай
Сен кетерсің айрылып
Қоштасуды қош көріп
Мен қалармын қайғырып
Жалғыздықпен дос болып
Қайырмасы
Кетпе жанымнан кетпе
Кетпе жанымнан кетпе
Кетсең мұң шағамын кімге
Кетпе жанымнан кетпе
Сақтап жүрмін хаттарды
Кешір деген кешірген
Бірге жүрген шақтарды
Шығармашы есіңнен
Ұғамысың сен соны
Сондай сезім кештіңбе
Шынымды айтсам мен сені
Бере алмаймын ешкімге
Қайырмасы
Кетпе жанымнан кетпе
Кетпе жанымнан кетпе
Кетсең мұң шағамын кімге
Кетпе жанымнан кетпе