Ойын-сауық порталы

Дастарханға

Дастарханға

Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін.
Бастарыңа амандық берсін.

* * *

Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа.
Қырғауылдай жорғалап,
Қыдыр деген жарықтық
Өзі келсін қасыңа.
Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Бұрама темір, сом алтын,
Суға салса, батпасын.
Тәңірі берген несібең
Тепкілесе кетпесін.
Ойда қойың жайылса,
Омыртқа мен құйрық же.
Қырда жылқың жайылса,
Қазы менен қарта же.
Дөнежінің бұзаулап,
Дүниеге сыймасын.
Құла биең құлындап,
Кең далаға сыймасын.
Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.

* * *

Дастарқаның тоқ болсын,
Уайым-қайғың жоқ болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа!
Пәле-жала, жын-шайтан
Жоламасын қастарыңа!
Аллаһу әкбар!

* * *

Уа, Құдайым қолдасын,
Алдың береке,
Артың мереке болсын!
Бақ дәулетің шашылып жатсын,
Қазаның асылып жатсын.
Үйің қонақтан арылмасын,
Құдайым пейіл-тілегінді жарылқасын

* * *

Я, Тәңірі — құдірет,
Мал-бастарын аман ет.
Басына бер мол бақыт,
Асына бер берекет,
Өмір-жасын ұзақ ет.
Ауру-дерттен аман ет.
Ұрпақтарын асыл ет,
Дүниедегі жақсылықты
Дәл осы үйге нәсіп ет!
Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа!
Таң мезгілі болғанда,
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қызыр келсін қасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарқаның мол болсын!
Қайда барсаң алдында,
Жарқыраған жол болсын!
Дүшпаның саған кұл болсын,
Үйің толған ұл болсын!

* * *

Соғым шүйгін болсын,
Қазаның тоқ болсын.
Уайымың жоқ болсын.
Дастарқандарың кең болсын!
Бала-шағаң ер болсын!
Бізге бергеннің есесін
Алла қосып, тең болсын!
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Періштелер қорғалап,
Келсін деп сенің қасыңа!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!

* * *

Бата десең берейін:
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!
Әумин!

* * *

Әумин десең маған,
Құдай берсін саған!
Оң жағыңа қарасаң,
Алтыннан қақпа орнасын!
Сол жағыңа қарасаң,
Күмістен кақпа орнасын!
Еш жамандық болмасын,
Аман болсын мал-басың!
Қызыр болсын жолдасың!
Дастарқан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,дастарханга
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments