Сөзі: Қуат Ежембек
Мөп-мөлдір көзіңдегі,
Сезімді сезіп едім.
Арайлы аспанымнан,
Аяулым сені іздедім.
Жалқы боп жаралған соң,
Айменен егіз дедім.
Түсінші сенде мені,
Сүймесем неге іздедім?
Қайырмасы:
Жүрегім жүрсің ойда,
Болды қара-қара.
Сезіммен жіпсіз байла,
Жаным дара, дара.
Айтшы сен қайдан келдің?
Мүмкін сол Айдан келдің.
Енді сен кете алмайсың,
Жабырқап жылап қалма!
Аңсаған кезіңдегі,
Сағыныш сезіледі.
Сарсаңға салып қойған,
Тәп – тәтті сезім еді.
Құс жастық құшағында,
Қанша арман көз іледі.
Қасымда өзің жоқта,
Жүрегім езіледі…