Ойын-сауық порталы

ДИПЛОМ АЛҒАН ЖІГІТКЕ

Студент кездің ғұрпы ұнап,

Тербейді жанды тәтті мұң.

Көңілдің шаңын сілкіп ап,

Думанға басар шақ бүгін.

Студент – дәурен, ол да өтті,

Түніндей жаздың қас-қағым.

Қырандай құлаш серметті,

Ән-күйге бөлеп аспанын.

Қош айтып тұр ғой қимастан,

Жатақ пен кітапхана да.

Басталды жаңа күй, дастан,

Көкте жүр қиял – шағала.

Ұстаздар айтқан пікірді

Зердеңе түй де сарапта.

Ұядан бастап ұшырды,

Ер болып қосыл санатқа.

Тоқыдың ойға сан ғылым,

Ел көрсін соның жемісін.

Әспеттер қазақ арлы ұлын,

Теріңді төккін ел үшін.

Кісілігіңді кемел қып,

Бола алсаң болды зиялы ұл.

Жақсылық күтер сенен жұрт,

Жаныңның нұрын құя біл.

Іздендің күні-түнімен,

Кеңіді білім арнасы.

Бітпейді оқу мұнымен

Өмірде жатыр жалғасы.

Оқығаныңды іске асыр,

Алдыңнан жанар үміт те.

Білімде дейді бұл ғасыр,

Жанамын деген жігітке.

асаба, тамада, мектеп бітіру, мектеп битиру, түлек, тулек, оқу, оку, студент, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments