Дос-Мұқасан – Ғашықтар жыры
Сөзі:Т.Молдағалиев
Әні:М.Құсайынов
1. Ғашық оты көзімізде жанады,
Әлдилейді махаббаттың бан әні.
Ғашық болған күннен бастап, достарым,
Азамат боп қалғандаймыз бағалы
Қ-сы:
Ғашық оты жанады, жана берсін!
Жұбайлардың жолдары бола берсін!
Келген жылдар қосылған екі жасқа
Бақыты мен байлығын ала келсін!
2. Екі жүрек ұғынады бір-бірін.
Аялайды, әлдилейді күн нұры.
Айтқаны да заң сияқты өзіме
Өміріме бақыт болған құрбының.
3. Алыс кетсе күте білдік сарғайып,
Табысамыз жүрек дүрсіл қағайық,
Арман бар ма ұғынысқан жастарда
Ғашық болған жүректерде бар ма айып?!