Мен оның мектебіне 8 сыныптың 2 тоқсанында жаңа оқушы болып келдім. Есімі – Азамат. Ол менімен параллель сыныпта оқыған, ол «А» болса, мен «Ә» сыныбы болдым. Өзі өте келбетті, бойы ұзынша еді. Ол күлгенде, мөлдіреген көздері бірге күлетін-ді. Ол мектептің 2 сабақтан кейін болатын жиналысында көзіме тусті. Менің бұл мектепте жаңа екенімді біліп тұрғандай көрінді маған сол күні. Күнде көріп журген мен, оны уната бастадым. Сұрастырып үйінің телефонын тауып алдым (ол кезде бізде уялы телефон жоқ еді, қызық)))). Ол туралы ешқандай мәлімет білмеймін ғой, сонда да ол жайлы көп нәрсе білгім келді, батылданып қоңырау шалдым. Тұтқаны өзі көтерді. Мен оны бұрыннан танитын секілді – бірден әңгімеге көштім. Кімсің? Сені танимын ба? деп сұрақтар жаудыртты. Мен сіздің мектепке жаңадан келдім, ешкімді танымаймын әлі, сенде мені танымайтын шығарсың дегенімде, ол маған «ааа, сен Аймансың ба» деп тіл қатты. Қатты қуандым. Сол күннен бастап екеуміз достасып кеттік. Тіпті мектепке бірге барып, үйге бірге қайтатын болдық. Мектептен келе салысымен тускі асымызды да ішпестен бір бірімізге қоңырау шалып әңгімеге еніп кететін едік. Мен оның тәніне ғашық болған болсам әуелде, кейін оны жақынырақ тани келе жанына ғашық болдым. Оның апасы мен сіңлісімен де достасып кеттім, ол болса менің апаларыммен. Қайда барсақ та бірге едік. Ұйықтамай түнімен телефонмен сөйлесетінбіз. Бір қызығы біздің мектепте барлығы білді біздің достығымыз жайлы. Оны бір сөздеріммен ренжітіп алсам қатты қапаланып, кей кездері жылайтын едім. Өйткені, оны жоғалтып аламын ба деп қорқушы едім. Бірақ тағдырдың қалауы да осы шығар, қанша корықып журген болсам да, бәрібір жоғалттым….
Менің басымнан біршама қиындықтар төтеп берген кездер көп болды, қай жағдайда болмасын – жанымда болды, маған арқа сүйер тірек, демеу бола білді. Онысына дән ризамын, алғысым шексіз. Жазғы демалыстарда да достығымыз ажырамай, өзінің жалғасын тауып жүрді. Мен қаншалықты онымен еркін әңгімелесіп, кез келген тақырыпта сөз қозғай алсам да, өзімнің махаббатымды айта алмадым, оған сезімімді білдіруге дәрменсіз болдым. Бір жағынан Азаматқа сезімімді білдірмеуімнің де бір себебі болды. Ол қандай себеп дейсіздер ғой? Егер мен оған оны сүйетінімді айтсам, оны жоғалтып алатын сияқты болып көрінді маған. Сондықтан да мен махаббатты емес, достықты таңдадым. Екеумідің бірге өткізген көңілді де қуанышты сәттер арта қала беріп, жылдар өзінің жылдамдығын көрсетті. Негізгі мектепті де аяқтап қалдық. Бірге колледжге тапсыратын болып шештік, оқуға қатысты құжаттарды жинай бастадық. Ол менен онымен бірге бір топқа тапсыруын өтінді, мен келістім. Бірақ, әттең барлығы біз қалағандай болмады ғой. Колледжге тапсыруыма тек әкем ғана қарсылық білдіріп, менде еш амал қалмай мектеп бітірет ін болдым. Менің онымен бірге оқи алмайтыныма ол да қатты қапаланды, бірақ маған уәде етті – жағдай қалай болмаса да, өмір қай жолға салмаса да, бірге боламыз, ешкім достығымызға кедергі бола алмайды деп. Осы сөздер менде үміт отын жаққан-ды. Бәлкім, күндердің күнінде бірге боламыз ба деп? Дегенмен, жанымда досым болып та жүргеніне тағдырыма бас иетінмін. Мен 10 сыныпты да аяқтап қалдым. Бір күні маған келіп ол осымен достығымыздың бітетінін, басқа бір шешім қабылдағанын айтты. Мен үшін бұл жаңалық үлкен соққы болды. Көпке дейін өзіме келе алмадым, сенгім келмеді, менен бас тартып, мен ол үшін ұмыт болатыныма қатты уайымдадым. Оның шешімі – Ислам әлемінің есігін ашпақшы болды. Намазға тұратыны туралы айтты, әрине мен бірден құптай қойған жоқпын. Ислам әлемі қыз баламен дос болуға тыйым салады ма деп ренжідім оған. Ештеңе түсіндірместен кете барды….
Мен қазір білмеймін оның қалай екенін, кіммен екенін, тек тілерім қайда жүрсе де аман болсыншы. Мен оны іштей әлі сүйемін, сағынамын. Кей кездері сол бұрынғы 8-9 сыныпқа қайта оралсам ғой деймін. Қаншалықты қорықсам да мен оны жоғалттым. Неге екенін білмеймін әлі де тосамын оны, бәлкім хабарласар деп ойлаймын, бірақ жоқ. Қаншама жылдар зымырап, мен үшін әсерлі естелік болып артта қалды. Оны жиі есіме аламын, мен үшін елесте қалдың, Азамат! …
Жуырда оны сыртынан көрдім, сағынышыма су сепкендей болды. Ол мені көрмеді. Еш өзгермепті, сол келбетті күйі. Сол күні сені еш ұмытпағанымды, әлі де сүйетінімді түсіндім…
Өзіңді іздеп барамын асып күннен,
Арман көлін арнадан тасыттым мен.
Білмейсің бе жаным-ау, білмейсің бе
Ессіз – түссіз өзіңе ғашықпын мен…
Сүйген ем –
Сәтсіз сезім бұйырғандай,
Қиын қандай сезімсіз,
Күйім болмай өзіңсіз –
Коңіл сенсіз қоңыр күз.
Сен неге жараладың жүрегімді,
Тілегімді қаламай –
Жүрем енді мен қалай?
Бұл өмірде арман-ай
Сенсіз бәрі жалған-ай…
Подписаться
0 Комментарии
Старые