Ойын-сауық порталы

ДОСЫМНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ

Заңғар таудай тұлғаң асқақ,

Дархан пейіл даламдайсың.

Бәйек болып шыңға бастап,

Досың үшін алаңдайсың.

Жан досымсың қыран текті,

Құтты болсын туған күнің.

Желпіндіріп жыр-ән көкті,

Дуылдатсын думан бүгін.

Өтті талай жыл керуені,

Қуанышты жасырмағын.

Достық сөнбес біздердегі,

Қорғаныңмын -қасыңдамын.

Достығымыз мызғымастан,

Кештік талай сынды бастан.

Айналыпты күдік күлге,

Үміт гүлге бөленіпті.

Тіршілікте күліп бірге,

Шаттық таңын көрейікші!

Бірлігіміз бұзылмастан,

Жүзіңе де келейікші!

асаба, тамада, досыма, құрдас, курдас, туган кун, туған күн, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments