Сен ерекшесің бәрінен
Сен сұлусың бәрінен
Айта берсін сұлу сенің жан дүниең
Сен ұқсамайсың басқаға
Өзіңді босқа тастама
Қолыңнан келеді бәрі білесің
Қ-сы
Аруым мұнайма
Сұлу қыз жылай ма?
Әр жаманның артынан бір жақсылық тумай ма
Аруым мұңайма
Сұлу қыз жылай ма?
Басқалардың сөзіне мән бермеші жарай ма?
Жарай ма?…
Кінәлама өзіңді
Саған ол керек емес
Бұл өмірде жаным-ау бәрі біз ойлағандай емес
Тыңдашы өзіңді
Басқаға еліктеп керек емес
Бұл өмірде аруым ешкім идеал емес
Қ-сы
Аруым мұңайма
Сұлу қыз жылай ма?
Әр жаманның артынан бір жақсылық тумай ма
Аруым мұңайма
Сұлу қыз жылай ма?
Басқалардың сөзіне мән бермеші жарай ма?
Жарай ма?…
Жақсы күн келеді
Жүрегім сезеді
Бәрі орнығады әлі
Бәрі реттеледі
Жылама себебі
Отбасың сенеді
Кеше мұңайған ару
Ертең бәрін жеңеді
Аруым мұңайма
Аруым мұңайма
Аруым мұңайма
Аруым мұңайма…