Ойын-сауық порталы

Ерболат Құдайбергенов – Мен, мен едім ТЕКСТ

Ерболат Құдайбергенов – Мен, мен едім
Әні мен сөзі: Махамбет Өтемісұлы

1.Мен, мен едім, мен едім
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шаңыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханшасын
Күңім етсем деп едім.

2. Мен, мен едім, мен едім
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім,
Хан баласы ақсүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кескен жең болмас.
Хан баласы ақсүйек,
Байеке сұлтан сен болсаң,
Сен қоспақтың баласы
Оңаша жерде кезіксең
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Қылқаның кетер демес ем.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, ерболат кудайберген, мен, мен едим
3.3 3 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments