Ерке Есмахан – Қайда?
Текст: Ауыл менен қала көше менен далаСені іздедім мен сені ғанаАуыл менен қала галактикада маТілеген іздемей табыла ма? Сен жоқсын […]
Ерке Есмахан биографиясы
Ерке Есмахан (1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген) — қазақ эстрадасы әншісі. Әкесі – Әдбіраш – қазақ тілі қоғамдастығының басшысы, анасы Мақпал. Отбасында бес бала: ұлкен ағасы – Ерік, әпкелері – Гүлбағда, Венера және ағасы – Бауырдан. Отбасы мүшелері қызметтің ән саласында (шығармашылық, педагогикалық, т.б.) . Әншінің ата-анасы Әбдіраш пен Мақпалдың 18 немері мен бір шөбересі. Оқушы Еркеге ұстаздары да, достары да ерекше назар аударған. Себебі, ол оқып жүріп-ақ, түрлі шығармашылық конкурстарға қатыса жүріп, орындар алып жүрген. Сыныбында лидер болған екен.
Өмірбаяны
Ерке Есмахан Ақтөбе қаласындағы Алтынсарин атындағы мектепте оқып, бесінші сыныптан кейін музыкалық мектепке ауысқан. Сонда ол домбыра, қобыз, фортепианода ойнауды үйренген. Кішкентай кезінен ән айтып, би билегенді ұнататын. Еркеге ата-атасы да барынша қолдау көрсеткен. Коледжді бітірген кезде, арман қуып Алматыға келеді. 2005 жылы Оңтүстік Астанада Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының эстрадалық вокал бөлімінің студенті атанады.
Шығармашылығы
2009 жылдан бастап Баян Мақсатқызы басқаратын “Shine Stars Production” проддюсерлік орталығының жаңа жобасы «Іңкәр» тобының әншісі атанады. Оның алғашқы жеке әні мен бейнебаяны “Айша бибі” әні еді. Әнші сазды өлеңдерімен көпшілікті тәнті етті. Төреғали Төреәлімен дуэт құрып, “Алло” әнін орындап шығу арқылы танымалдығы арта түсті. Әншінің жеке орындауында “Айша бибі”, “Әйел бақыты”, “Еркемін”, “Бал сезім” және т.б. өлеңдері бар. Десе де, бұл әндердің барлығын әншінің биыл орындаған «Қайда?» әні басып озды. Еркенің көптен күткен жұлдызды шағы енді келді десе болғандай. Олай дейтініміз, «Қайданың» бейнебаяны «Youtube» арнасында қазақ әндері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд көрсеткішті жинады. Желіге маусым айында жүктелген бейнебаянды 5 айдың ішінде 40 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар қазақша әнге reaction жасап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп жатты. Мұндай танымалдыққа Ерке өзінің табандылығымен жетті. Бұл пікірді әншінің бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызы да құптайды. Қыркүйек айында «Қайда?» әні EMA (Еуразиялық музыкалық жүлде) «Ғаламтор таңдауы» аталымында жеңіске жеткен болатын. Ерке гастрольде болғандықтан, ұйымдастырушылар оның жүлдесін Баян Мақсатқызына табыстады.
Текст: Ауыл менен қала көше менен далаСені іздедім мен сені ғанаАуыл менен қала галактикада маТілеген іздемей табыла ма? Сен жоқсын […]