Еркін Нұржанов – Неліктен
Ол кезде ғашық едік аттамаған ақ ардан
Қазіргідей жас тамбаушы еді жанардан
Қалып қойды жүрегімде сағыныш
Орындалмай санамдағы сан арман
Неліктен, жаным сонша сені жақсы көріп пе ем?!
Сен емес пе мұз жүректі еріткен?!
Қош дедің бе түсінбедім неліктен?!
Неліктен тағдыр бізді екі айырды бөліп тең?!
Білмедік пе алдымызда не күткен?!
Көріктім ең көрінбейсің неліктен?!
Ол кезде мен едім ғой саған сезім білдірген
Сен де ғашық боларыңды білдім мен
Сені сүйген жүрегіме бағынбай
Қоштасып ап қимасымды кім білген?!
Неліктен, жаным сонша сені жақсы көріп пе ем?!
Сен емес пе мұз жүректі еріткен?!
Қош дедің бе түсінбедім неліктен?!
Неліктен тағдыр бізді екі айырды бөліп тең?!
Білмедік пе алдымызда не күткен?!
Көріктім ең көрінбейсің неліктен?!