Ойын-сауық порталы

Еркін Нұржанов – Ойлама ТЕКСТ

Бұрыннан білуші едім
Жүрегің сұлу сенің
Жаныма жаны жақыным
Сапарға кеткенімде
Күмәні көп көңілде
Сарғайып сағынатыным
Сағатқа қарайлаумен
Өтті ме мені ойлаумен
Ұйқысыз тағы да түнің
Бойдағы қыз намысың
Ойдағы қызғанышың
Бермей ме жаныңа тыным

Қайырмасы:
Ойлама мен жайлы олай ойлама
Жақсы ойда болшы жай ғана
Қазан аты едім қазақтың
Қазыққа жіпсіз байлама
Ойлама олай ойлама
Махаббатыммен ойнама
Қыз көрем қызық көрем деп
Барып жүргем жоқ тойға да

Тәттім-ау неге-неге
Телміріп терезеге
Күтесің жолыма қарап
Қалғанда жалғыз үйде
Мені іздеп жан жүдей ме
Көшені көңіл аралап
Сөздерің ертегі деп
Кемсітпе көркемірек
Қонғасын қолыма қала
Нәзігім ерке гүлім
Шытырман ертегінің
Шыдасаң соңы ғаламат

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, еркин нуржанов
2.5 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments