Ерлан Орынбасаров – Жалғыз аққу
Айлы түннің аясында,
Мұңлы сезім таралды.
Шалқар көлдің жағасында,
Жаралы бір із қалды.
Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді,
Көз жасымен тынық көлді тебірентеді.
Күйге салып, мұңын айтып табиғатына,
Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді.
Мұңға толы жүрегімен,
Жалғаздықты жырлайды.
Үміт оты жалындаумен,
Пәк сезімі қинайды.
Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді,
Көз жасымен тынық көлді тебірентеді.
Күйге салып, мұңын айтып табиғатына,
Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді.