verse 1
Даттайды мені,біреулер келіп,
Дұрыс емес деп жүрісің.
Тыңдаймын бәрін,саралап көріп,
Айыптап қайтемін сын үшін.
Кім біліп еді мынау жалғанның,
Дұрысы менен бұрысын.
Айтады әлі,
Айтады тағы,
Себебі барсың,тірісің.
Chorus:
Өзіме ұнайды жүрісім!
Өзіме ұнайды тұрысым!
Өмірім мәнді,
Бітпейтін мәңгі,
Басқаның ойы құрысын.
Өзіме ұнайды жүрісім!
Өзіме ұнайды тұрысым!
Барлығы жайлы,өзім(е) ұнайды,
Басқаның ойы құрысын.
verse 2
Мән бере берсең,бәріне шіркін,
Тоқтайды тірлігің,жұмысың.
Жақсы адам болып,жағуың мүмкін
Таусылған кезде тынысың.
Кім біліп еді мынау жалғанның,
Дұрысы менен бұрысын.
Айтады әлі,
Айтады тағы,
Себебі барсың,тірісің.

