Әні: Еркеш Хасен
Сөзі: Саят Әбенов
1 Қателескен кезім көп,
Таудай шығар талғамым.
Өзгелерге сезім жоқ,
Өз өзімді алдадым.
Айтар саған сөзім тек,
Сені жаным таңдадым.
Қалшы бағым өзің боп,
Менің жалғыз арманым
Қ/С
Өмірдегі ең дұрыс шешімім болшы,
Көңілімнен өшпейтін есімім болшы.
Маңдайыма жазылған тағдырым болшы,
Таңдайымнан төгілген ән-жырым болшы. 2- рет
2 Сенбе мейлі сен мейлі,
Жүрек сырын қозғашы.
Сезім оты сөнбейді,
Өзің бірақ қорғашы.
Сүйген жүрек көнбейді,
Сүйсең мені қолдашы.
Қателескім келмейді,
Қателігім болмашы.