Ернар Айдар – Өзің біл
Кеудемде бір қиял кезіп жүр,
Көрінбей кеткен елес.
Бар болсаң қайтадан сезіндер,
Өткенім өкпелі емес.
Еркелеп жүретін кезің бір,
Есімнен кеткен емес.
Орала алмасаң өзің біл,
Күзден соң көктем емес.
Өзің біл, өшпейтін сезім бұл…
Қайырмасы:
Кінәлай береді бекер бізді,
Үмітім ақ таңын атырады.
Әлі де кеш емес, кеш емес екеумізді,
Бақыттың, бақыттың аралы шақырады бізді.
Жүрегім онсызда сезіп жүр,
Жоқ десем сенген емес.
Шырағы сөнбеген сезім бұл,
Бір маза берген емес.
Өкіне білген бе өзім бұл,
Ешкімнен көрген емес.
Көзімнің ішінде көзің жүр,
Көрмеуге көрген емес.
Өзім бұл, риясыз сөзім бұл…
Қайырмасы:
Кінәлай береді бекер бізді,
Үмітім ақ таңын атырады.
Әлі де кеш емес, кеш емес екеумізді,
Бақыттың, бақыттың аралы шақырады бізді.
Қайырмасы:
Кінәлай береді бекер бізді,
Үмітім ақ таңын атырады.
Әлі де кеш емес, кеш емес екеумізді,
Бақыттың, бақыттың аралы шақырады бізді.