Үй іші сен жайлы сұрайд(ы) көп
Бізге тек сол ғана ұнайды деп
Ән жазсам саған жазғым келеді
Көңілде тек саған құлайды кеп,
Құлайды кеп, құлайды кеп, құлайды кеп
Маған да сол ару ұнайды тек,
Ұнайды тек, ұнайды тек
Сені айтса құлағымда елең етіп
Сосын отырамын сені өлең етіп
Кіргізетін де сен өмірімнің берекетін
Ән сияқтымыз екеуміз ай бір кереметі,
Кереметі, кереметі, кереметі
Ән сияқтымыз бір кереметі, бір кереметі
Ән болсақ расында
Тоқтайын мен онда қайырмасынан
Сұрақ болып қалмас үшін анау басында
Жүректің басындағы
Сиясы таусылды
Содан саған айтқым келген сөздерді, кездерді, сөзімді,
Өзімді тыңдашы осы әуенге жасырдым
Тыңда, тыңда
Тыңда, тыңда
Қалай екен ұнады ма?
Жақсы кетеді шын айтамын қосып қойсаң жаным жатарда екі құлағыңа, ұраныңа
Айналдыр соны ұраныңа
Сен үшін ғана үйрендім гитара, домбыраны да
Сенімен көгергім кеп тұр
Тектен-текке жүргенім жоқ мен, оу, солай
Тулайд(ы) жүректе жоқ болмайд бұл
Керек екеумізге махаббаттан жаным бір мектеп
Өңімде мазамды алшы келе беріп
Шаршадым мен сені түстерімнен көп көре беріп
Көре беріп, көре беріп, сенде ене беріп
Келе беріп, келе беріп
Айтпақшы жаным мен саған бір сыйлық алып қойдым
Хабарлас келмесе егер мұндай сыйдан қалып қойғың
Болса да бағасындай арық қойдың
Мен үшін тым бақыт қой бұл
Кездесер күн келеді деп
Жан қалтама салып қойдым
Күн келер бір күні
Айтылар сол сәтте сөздің төркіні
Көрінеді мүмкін сонда сөзім күлкілі
Ойлаймын түр-түрлі
Болса да біртүрлі
Екеуміздің арадағы шешімнің шешімі, кесімі, нәсібі, асылы осы әуенде секілді