Есен Жүсіпов — Qal qalay? ТЕКСТ

verse 1:
Ай жүзің неге солғын-ай?
Махаббат гүлі солды ма-ай?
Кеудеңнің оты сөнді ме-ай?
Шаршамай, әрі қалғымай,
Әр сағат, әр күн, әр жыл,ай,
Аңсайды сені жан жылай…

chorus:
Мұң толы түндер мен таңдар-ай,
Жылатып, жұбатып алдады-ай,
Айта бер қал қалай?
Жандүниең жүр ме жаурамай?
Уақыт та жүйрік жорғадай,
Шын бақытты күндер алда ма-ай?
Айта бер қал қалай?
Ал, менде әр кезде әрқалай!

verse 2:
Сен мені неге олай қинадың?
Жоқ әлде қимадың-ба-оу?
Мендегі ақ көңіл, пәк, мөлдір-
Сезімді сыйладың ба-оу?
Бір жоғалып, бірде оралып,
Жүрекпен ойнадың ба-оу?
Сен мені дәл бұлай сүйгенше,
Сүймей-ақ қоймадың ба-оу?

жусипов,кал,калай
Прокрутить вверх