Ескендір Хасанғалиев – Жанарым
Сөзі:Б.Тәжібаев
Әні:Е.Хасанғалиев
Сапар шексем алысқа,
Сен жанымнан қалмайсың.
Қиындықта қалыспай,
Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайын да,
Сырласумен айта алдық.
Қарағай мен қайыңдай,
Қатар тұрып жайқалдық.
Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем,
Кір шалмаған арымсың.
Сезімдегі жалынсың,
Басымдағы бағымсың.
Домбыраның үні – сен,
Жүрегімнің жыры – сен,
Жанарымның нұры – сен.
Күндіз күлген күнімсің,
Түнде туған айымсың.
Жайнап тұрған гүлімсің,
Ойға шомған қайыңсың.
Домбыраға тағылған,
Егіз ішектей жұптастық.
Үміт алды жағылған,
Келешекке нық бастық.
Қайырмасы:
Көзің сенің мөлдір көл,
Тымық күйде жолықтым.
Шарасынан сол бір көл,
Төгілер деп қорықтым…
Жаз орнатқан жаныма,
Сәулем – сұлу сезімсің.
Жарық күнді сыйлаған,
Жанарым да өзіңсің.