Ойын-сауық порталы

Ескендір Хасанғалиев – Жанарым ТЕКСТ

Ескендір Хасанғалиев – Жанарым
Сөзі:Б.Тәжібаев
Әні:Е.Хасанғалиев

Сапар шексем алысқа,
Сен жанымнан қалмайсың.
Қиындықта қалыспай,
Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайын да,
Сырласумен айта алдық.
Қарағай мен қайыңдай,
Қатар тұрып жайқалдық.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем,
Кір шалмаған арымсың.
Сезімдегі жалынсың,
Басымдағы бағымсың.
Домбыраның үні – сен,
Жүрегімнің жыры – сен,
Жанарымның нұры – сен.

Күндіз күлген күнімсің,
Түнде туған айымсың.
Жайнап тұрған гүлімсің,
Ойға шомған қайыңсың.
Домбыраға тағылған,
Егіз ішектей жұптастық.
Үміт алды жағылған,
Келешекке нық бастық.

Қайырмасы:
Көзің сенің мөлдір көл,
Тымық күйде жолықтым.
Шарасынан сол бір көл,
Төгілер деп қорықтым…
Жаз орнатқан жаныма,
Сәулем – сұлу сезімсің.
Жарық күнді сыйлаған,
Жанарым да өзіңсің.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, ескендир хасангалиев
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments