Есқожа

Есқожа қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасынан таратылады. Шапыраштыдан малды, екей, еміл рулары тарайды. Емілден таралатын Жайық пен Есқожа жасынан батырлығымен аты шыққан қолбасшы, көріпкел абыз болған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш аталары тарайды. Есқожа руынан Қарасай, Әуез, Үтеп, Түрікпен, Көшек, Кәпике, Саурық, Қараш, Сұраншы сияқты батырлар, атақты билер, шешендер шыққан. Ұраны Қарасай, таңбасы Ай, тұмар (Шапырашты таңбасымен бірдей).

ескожа, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, ,
Прокрутить вверх