Сендей адам кездеспей жүр сен кеткелі
Мендей адам саған маза бермеп пе еді
Не керегін айта алмай қайран жүрек
Шырылдайды сәбидей жөргектегі
Қайырмасы:
Тағдырымды қайтадан қоса алмайтын
Сөйте тұра алысқа қаша алмайтын
Орыныңды ешбір жан баса алмайтын
Сен не деген адамсың (2рет)
Білесің ғой жүрегім сен бар кезде лаулайтынын
Сезесің ғой жанымның сен жоқ кезде жаурайтынын
Мені аң-таң етеді біреулерді ұқсатып-ап
Өз-өзімді өтірік амалсыздан алдайтыным
Қайырмасы:
Тағдырымды қайтадан қоса алмайтын
Сөйте тұра алысқа қаша алмайтын
Орыныңды ешбір жан баса алмайтын
Сен не деген адамсың (2рет)
Бірге кеттің баяғы әлемменен
Бірақ әлі кетпейсің неге менен
Жалғандығын өмірдің дәлелдеген
Сен не деген адамсың (2рет)