Гүлнұр Оразымбетова — Әлі есімде ТЕКСТ

Гүлнұр Оразымбетова — Әлі есімде
Әні: Ә.Еспаев
Сөзі: Н.Әлімқұлов

1. Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
Сырласумен жазғы таңның атқаны,
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры,
Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.

Chorus:
Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез
Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз!

2. Әлі есімде, бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады,
Қара шашың мойыныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.

3. Содан бері өтті, сәулем, талай күн,
Әлсін-әлсін суретіңе қараймын.
Тағдыр бізді алыстатты, қоспады,
Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың.

,, гулнур оразымбетова, али есимде
Прокрутить вверх