chorus :
Көңілімді алдап арбама,
Әуре болып гүліңді арнама.
Байқалады байқа көзіңнен-ай
Алдама тек алдама.
verse:
Өз-өзіңді көп алдайсың,
Сөздеріңде тұра алмайсың.
Үй жағымды жағалайсың,
Қыр соңымнан қалмайсың.
Қойшы әлі баладайсың,
Жүрегіңді жаралайсың.
Көңілімді таба алмайсың,
Неге қоя салмайсың.
chorus :
Көңілімді алдап арбама,
Әуре болып гүліңді арнама.
Байқалады байқа көзіңнен-ай
Алдама тек алдама.
verse :
Бірден оңай қарамаймын,
Өтірікті қаламаймын.
Не десең де жүрегімді,
Оңай аша алмаймын.
Несін сені жаралаймын,
Бәрін бірдей санамаймын.
Айып етпе жүрегімнің,
Қалағанын таңдаймын.

