Ибрагим Ескендір — Сауыт ТЕКСТ

Майданға сауыт киместен,
Садағың жауға тиместен,
Әу баста рухың шыңдалып,
Білектің күші мыңды алып
Иыққа іліп өгізді,
Атадан қалған нық ізді,
Басуға сен де лайық бол,
Меңгеріп қылыш ақ жүзді,
Бірінші сауыт иманың,
Жаныңды елге қиғаның,
Жұлдыздай аққан өмірде,
Тек ілім болсын жиғаның,
Өсіріп текті ұрпақты,
Қиямет күні келгенше,
Тереңге кетсін тамырың,

Баянды болсын тұғырың,
Арналсын елге ғұмырың,
Жер үшін құрбан болсаң да,
Артыңнан Құран оқылып,
Нұрланып тұрсын қабырың,
Сұр бұлттар сырғып келгенде,
Сынақтан аман өтуге,
Айбарлы әскер жиылсын,
Тарихты мүлдем ұмытқан,
Өзегі жаудың қиылсын!

Иыққа іліп өгізді,
Атадан қалған нық ізді,
Басуға сен де лайық бол,
Меңгеріп қылыш ақ жүзді,
Бірінші сауыт иманың,
Жаныңды елге қиғаның
Жұлдыздай аққан өмірде,
Тек ілім болсын жиғаның,
Өсіріп текті ұрпақты,
Қиямет күні келгенше,
Тереңге кетсін тамырың

Таңдады тағдыр тек бізді
Сақтауды тудық бұл түзды
Уақытты озып жеңіп өт
Жебедей ұшқан тік жүзді
Қорғауда тұрған көздерін
Анттағы берген сөздерін
Сауаптар мыңдап жазылып
Тарих жалғайтын өздерін
Қорғауда тұрған көздерін
Анттағы берген сөздерін
Сауаптар мыңдап жазылып
Тарих жалғайтын өздерін

ескендир
Прокрутить вверх