1.
Өзіңсіз, әкешім өмірімнің он алтыншы жылы өтті
Сағынышым жүдетті
Есіме алсам сол түнді,
Өне бойым дір етті
Қауқарсыз болсамда қарсы тұрдым сынақтарға келгенде
Қиындықтар көргенде
Жеңіле алмайм өйткені
Сенің қаның бар менде
Анашым әлі күнге дейін жатады суретіңді жастанып, оу жастанып
Сен қайтқан күн келген сайын күрсінеді жүрегінен жас тамып
Ауыр мұңы басталып
қайырмасы
Әке
Басыңа бармағалы көп болды
Кешірші уақыт жоқ болды
Әке
Шаршамай, талмай ұлың шауып жүр
Ризығын үйдің тауып жүр
Көрсетемін енді бар қызықты анама
Жалғыз анама өте жақын арада
Сағынышымызды мауқымызды басатын
Саған ұқсаса екен менен туған бала да
Саған ұқсаса екен менен туған бала да
2.
Есейдім, мықты боп қатты болып өстім әке жасымнан
Сөз асырмай басымнан
Бұрын саған еркелеп, шығалмаушы ем қасыңнан
Маңдайдың терімен еңбек етіп жібермедім ақымды
Айтар сөзім ақырғы
Уәде берем мен сенің, өшірмеймін атыңды
Анашым әлі күнге дейін жатады суретіңді жастанып, оу жастанып
Сен қайтқан күн келген сайын күрсінеді жүрегінен жас тамып
Ауыр мұңы басталып
қайырмасы
Әке
Басыңа бармағалы көп болды
Кешірші уақыт жоқ болды
Әке
Шаршамай, талмай ұлың шауып жүр
Ризығын үйдің тауып жүр
Көрсетемін енді бар қызықты анама
Жалғыз анама, өте жақын арада
Сағынышымызды, мауқымызды басатын
Саған ұқсаса екен менен туған бала да
Саған ұқсаса екен менен туған бала да