Сол кездің
Ертегідей тәтті сәттерін
Мен сездім
Жүрегімнен орын алғанын
Сол сезім
Махаббатқа бөлеп күні түні
Кездесіп
Қалармыз бір күні бір жылдың
Ескі суреттер бар сақталған ұзақ уақыт
Ішінде тұрады бір сәттік біздің бақыт
Айлы түнде оңашада сырласқанымызды
Есіме алам, есіме алам
Біз екеуміз кездеспеппіз жыл 12 ай
Сені ұмыту үшін маған керек тағы он жылдай
Сенен қалған суреттерді қанша шаң бассада
Шаңын сүртіп еске алып тұрамын анда санда
Сағыну менен түн санай
Шақырым бізде мың талай
Жүрегім сенсіз тым түнек
Естен кетпейтін сырлар ай
Аааайй
Естен кетпейтін сырлар ай
Ескі сурет бар сақталған ұзақ уақыт
Ішінде тұрады бір сәттік біздің бақыт
Айлы түнде оңашада сырласқанымызды
Есіме алам, есіме алам