Күн сүйсініп қызығады саған-ай
Мүмкін емес өтіп кету қарамай
Енді ешкімді жақсы көре алмайтын
Сені сүйген жігіттерге обал-ай
Екеуміздің болашақты ойланам
Жүрегімді жүрегіңе байлағам
Көп іздеме саған лайық жігітті
Күнделікті көріп жүрмін айнадан
Сұлусың қандай өскенсің жаным не жеп?
Ешкімді көрмей көздерім сені көреді
Үндемей барып құшақтап алғым келеді
Сүйемін сені айтайын басқа не деп?
Көздеріңнен ешкімде жоқ мейірімді байқадым
Қылығыңа қайран қалып басымды бір шайқадым
Кездесуге жалғыз келіп махаббатпен қайтамын
Екеуміз қосылып ортада жүгіріп
Жүрсе екен 5-6 бала-шаға
Мен сенің қорғаның сен менің жұбайым армандарым қалай тамаша ма?
Қабыл ал сәлемді нестейін мен енді?
Біз бірге болуға айтшы не кедергі?
Керек емеспін бе?
Әдемі емеспін бе?
Бойым сәл аласа ма?
Сұлусың қандай өскенсің жаным не жеп?
Ешкімді көрмей көздерім сені көреді
Үндемей барып құшақтап алғым келеді
Сүйемін сені айтайын басқа не деп?

