...

ІНІМ

Құрметті ағайын! Міне, желіп отырып, [жасы] деген белеске де келіп қалыпты. Мен өзім пайғамбар жасы 63 жасқа келсем, артымнан ерген өкшелес інім бұл да [жасы] шығып отыр. Өткен өмір көз алдыңа кино болып елестейді екен. Ауылда бозбала болып қатар өстік, оқыдық, отау құрдық, өстік-өндік, талай елмен дәмдес болып, қызмет еттік. Әркім өзінің пешенесіне жазылғанды көріп келеді, Аллаға шүкір, жаман емеспіз деп ойлаймын. Осы аралықта дүние емес, дос жинауға, ағайынмен аралас болуға ұмтылдық. Міне, інім жиған байлығын көрсетіп отыр. Ол байлығы: ұйыған отбасы – келін, балалар, өсіп-өнген ұрпақ, осы тойға жиналған қауым, ағайын, дос-жаран. Солардың ортасындағы абырой. Байлық деген осы. Бақыт деген осы. Бір күн дәмдеске қырық күн сәлем деген. Тойға алыстан – Атыраудан, Астанадан және басқа да жерлерден ағайын-туыстар, құда-жекжаттар, дос-жарандар, қызметтес жолдас-жоралар қатысып отыр.

Үлкендердің батасын алған, Құдайдың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Сіздердің тілектеріңіз ініме, оның ұрпағына жұғысты болсын.

Қуанғаның рас болса, шақырған тойына бар деген осы. Жер қашық демей, қыстың көзі қырау демей жиналып отырмыз.

Ініме, бала-шағасына, баршаңызға дүниенің бар жақсылығын тілейміз. Еңбек жемісін, бала-шағаларыңыздың рахатын көріңіздер. Көргеніміз той болсын. Басымыз тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

інім, иним, бауыр, бауырым, той, от шашу, мереке, мейрам, куттыктау, құттықтау, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх