Аралап көрдім көңілді,
Махаббат қадам баспаған,
Шынайы бейнең көрінді,
Сүйемін деуге жасқанам,
Біз армандаған өмірді,
Сүретін болды басқа Адам,
Сен едің нұры көзімнің,
Сен едің бәрін бастаған,
Сен алып келген сезімнің,
Орынын ешкім баспаған,
Әңгіме айтпа сезімнен,
Жүрегім көміп тастағам…
Енді…
Көздеріме көрінбе енді,
Махаббатым көрінде енді…
Жүрегімнің төрінде енді Сен жоқсың…!
Қәдірі бар ма сезімнің,
Жылуы тілден аспаған,
Тубіне жеттім төзімнің,
Басыма түссе қашпағам,
Таңдағаныңмен өзіңнің,
Көресің Мені таспадан,
Сені деп енді біреуге,
Сүйемін деуге жасқанам,
Айнала алмадым тіреуге,
Бола алмадым баспанаң,
Батылым бармайды тілеуге
Бақытың сәрі бас қадам…
Басқа Адам!