Ойын-сауық порталы

Каспий – Жарығым-ай ТЕКСТ

Каспий – Жарығым-ай
Әні: Б.Есмұханов
Сөзі: М.Мақатаев

1. Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп,
Қаным сыймай барады арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Қ-сы:
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!

2. Қосылғандай екі өзен тасығанда
Таңғалмаймын жағаға асылам да,
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?

3. Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады толқындатып,
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, жарыгым ай
4 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments