Айдан әсем арайлым
Арасынан талайдың
Тағдырым деп таңдағаным
Гүлден сұлу гүл едің
Мен сыйлаған жүрегім
Сен жоғалтып алма жаным (2рет)
Жанарың-ай, Жанарың-ай
Жанарыңның алауына жанамын-ай
Жанарың-ай, жанарың-ай
Жаным қалай, жалындап мен барамын-ай,
Ерінің-ай, ерінің-ай
Еріксіз-ақ сөздеріңе ерідім-ай
Елігім-ай, елігім-ай
Қандай ана туды екен сені бұлай.
Бойындағы бар қылық
Мендік болсын мәңгілік
Шын сезімді таптамағын
Жоламасын енді мұң.
Күтем сені кел бүгін
Біз кездескен бақта жаным (2рет)