Әні: Асыланбек Ылым
Сөзі: Ақжол Түменбай
Жаратқаннан сені тіледім,
Жалғызсырап жаным жүр едім,
Жақсы көрген адам тыңдайды,
Жүрегін.
Біз тұратын жарық ғаламда,
Сезім керек саған, маған да.
Тағдырыңды сеніп тапсыр,
мендей адамға.
Қ/сы:
Жанарың сұлу-сұлу шіркін ай.
Екеуміз қосыламыз бір күні ай.
Өмір ғой бұл өмірде барлығы,
Мүмкін ай.
Күлгенің сыңғыр-сыңғыр бұлақтай.
Ешкімге, ештеңеге кінә артпай,
Мен сені жақсы көре аламын,
Жылатпай.
Жабыққанда жалғыз жаңылдым,
Қамыққанда қатты сағындым,
Қиын сәтте менің қасымнан,
Табылдың.
Жүрегі жоқ қуыс көп кеуде,
Өпке артпа өткен кеткенге,
Біздер күткен бақыт оралар, осы
Көктемде