Kenes Alimzhan — Жүрегің неше бөлмелі? ТЕКСТ

Бір жазу сенсің пешенемдегі
Тағдырдың мынау кесе келгені
Бір сәттік сезім еселер нені
Бұл сөзім үшін кеше гөр мені
Жүрегің айтшы неше бөлмелі

Жазбағым жаным осы өлең ба еді
Көк шаң ғой көңіл көше мендегі
Ұлғайып мұңның өсе бергені
Ойлантты мені кешеден бері
Жүрегің айтшы неше бөлмелі

Сезімің жанның десем ермегі
Жолыңа жырым төселер ме еді
Көңілге түскен кесел өлмеді
Нәп нәзік емес тас емес бе еді
Жүрегің айтшы неше бөлмелі

Жазбағым жаным осы өлең ба еді
Көк шаң ғой көңіл көше мендегі
Ұлғайып мұңның өсе бергені
Ойлантты мені кешеден бері
Жүрегің айтшы неше бөлмелі

Дәл келді өмір есеп өрнегі
Оңынан бізге шешер ол нені
Басылып әбден өсек елдегі
Не пайда сөздің кеш еленгені

кенес,алимжан,журегин,болмели
Прокрутить вверх