Есімді алып бір елең,
Бір ысып, бір суып келем.
Мен сені сүйетінімді,
Айтпауға тырысып келем.
Қиялға батамын терең,
Күн сайын түсімде көрем.
Жан сырын айта алмай келем,
Мен сені шын жақсы көрем.
Жаным-ау, жүрекпен түсін,
Келбетің ерекше мүсін.
Сен, жаман жолдарды баспа,
Мені жақсы көргенің үшін.
Қ-сы
Қиялға батамын терең.
Күн сайын түсімде көрем.
Жан сырын айталмай келем.
Мен сені шын жақсы көрем.