...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

КЕРЕЙІТ

КЕРЕЙІТ

Ұраны Ақсақал, Ойтым, таңбасы шылбыр:
  немесе
Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Монғолия аумағында, деп жазады Рашид адДин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес.
Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монғол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылың жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моғолдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген.
Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп ұзамай олардың негізгі бұқарасы одан бөлініп шығып, өзбек туыстарына кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған.
Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады.
Керейіттердің этникалық тегі туралы мәселе өте маңызды. Бұл жөнінде зерттеушілерде бір пікір жоқ. Рашид адДин өз шығармасында XIII ғасырда керейіттер түркі тілдес емес, қайта монғол тілдес болған деп көрсетеді. Нақ осы автор басқа бір жерде керейіттердің шыққан тегі туралы мәселеде оншама үзілді кесілді айтпайды. Ол «ертеректе монғол атын алмаған» халықтар арасында керейіттер де болды деп жазады. Ал бұдан әріректе «керейіттер өздерін мақтану үшін монғолдар деп атай бастады», ал ерте кезде «бұл атауды мойындамайтын» деп көрсетеді.
Бұл пікірді былай деп түсіну керек: монғолдар үстемдік еткен кезеңде олардың бодандары, соның ішінде керейіттер де өздері монғолдар болмағанымен, жаулап алушылардың этникалық атауын қабылдаған. Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд керейіттерді әбден айқын монғолдарға жатқызған. ГруммГржимайло да керейіттердің түріктерден шыққанына күмән келтіреді. Г. Н. Потанин, Н. А. Аристов, X. Ховорс және басқалар мүлде қарама-қарсы көзқарас ұстанды. Мысалы, Г. Н. Потанин оларды түріктер, Шыңғысхан кезінде ғана «өздерінің атақ алуы үшін» монғолдар деп атай бастаған деп санайды. Бір-бірімен байланысы болмаса да, X. Ховорс пен А. А. Аристов бір мезгілде керейіттердің түріктерден шыққаны туралы пікірге келген. X. Ховорс өз пайымдауын керейіт хандарының түрік есімдері мен атақтарын көрсетуге негіздеген.
Керейіттердің шығу тегі туралы С. Аманжолов та соншалықты айқын көзқарас ұстанды, ол «керейлер (керейіттер В. В.) ешқашанда монғолдар болған жоқ және монғолдар деп аталған емес» деп жазды. Ал одан әрі: «Монғолдар шапқыншылығы кезінде батысқа қоныс аударуға мәжбүр болған бөлігі (керейлердің В. В.) керейіттер деп аталды, ал бұрынғы жерінде қалғандарының бәрі өз атауларына «іт» жалғауын қабылдамады».
Бізге бұл мәселені шешуді екі тұрғыдан қарастыру қажет тәрізді. Біріншіден, керейіттер мен керейлерді бір тайпа деп санау дұрыс па: өйткені бір зерттеушілер оларды бір тайпа деп санауға бейім, ал басқалары олай емес. Екіншіден, керейіттердің монғолдарға немесе түріктерге жататындығы туралы мәселе біріншісімен тығыз байланысты және белгілі бір дәрежеде соған тәуелді.
Шығыстанушы Н. А. Аристов, В. В. Бартольд, М. Тынышбаев пен С. А. Аманжолов осы екеуін бір тайпа деп білді. Н. А. Аристов бұлайша балауға түсіндірме бермейді, жай ғана керейлер мен керейіттер жөнінде бір тайпа ретінде айтады. В. В. Бартольд та нақ солай істейді. М. Тынышбаев болса, неғұрлым сақ, өйткені керейіттер керейлердің Шыңғысханнан қашу кезінде бөлініп шығып, батысқа кеткен бөлігі болуы мүмкін деп жазады. М. Тынышбаев сияқты С. А. Аманжолов та жоғарыда өзіміз көргендей, керейіттерді керейлердің бір бөлігі деп есептейді.
Керейіттер туралы айта келіп, X. Ховорс оларды керейлермен ешбір байланыстырмайды. ГруммГржимайло керейлер цюйлины, ал керейіттер кэле (хэре) деп аталатын «ЦзиныЛяо Юаны санышиюйцзе» («Цзииы, Ляо және Юаны әулеттерінің тарихтарында кездесетін байырғы халық атауларын түзетулер сөздігі») сияқты деректемеге сілтеме жасай отырып, оларды әр түрлі тайпалар деп санайды.
М. Тынышбаев пен С. А. Аманжоловтың батысқа кеткен керейлер керейіттер деп атала бастаған деген пікірін, біздің пікірімізше, онша дәл емес дегеннен бастайық. Біз деректемелерден шығыста, атап айтқанда, Монғолияда да керейіттер мекендегенін білеміз. Біздің бұрын көрсеткеніміздей, бұл жөнінде Рашид адДин, Рубрук, Марко Поло және П. Карпини айтады. «Қасиетті аңызда» (§ 96, 104, 105, 126 және басқа) керейіттер (кэлеити) туралы айтылады. Басқа да бірқатар деректер мұны айқын дәлелдейді. Мәселен, «Юанышиде» Онханның серігі Хасан кэлеи (керейіт) тайпасынан шыққан делінген. Керейіттер кэлеи туралы «Сины Юанышиде» де айтылады. Демек, керейіттердің Шыңғысхан талқандап, батысқа кеткен керейлерден шыққандар болуы мүмкін емес, өйткені олар Монғолияда сонау XII ғасырда, мүмкін, одан да бұрын болар, мекендеген.
Керейіттердің болғаны және олар мекендеген жер жөнінде Н. Д. Мартин хабарлайды, ол керейіттер Толе, Орхон, Онгон өзендері бойынша көшіп жүрген және шығысында наймандармен шектесіп жатқан деп жазады. Біз Н. Д. Мартиннің керейіттер мекендейтін жер деп Рашид адДин айтқан жерлерді атайтынын көреміз. Бұл пікірді «Юаныши» де растайды, онда «Ванхан алқашқыда (бір кезде) осы жерлерде тұрды» делінген. Бұл арада Енисейдің оңтүстік батысында, қырғыздардың оңтүстік шығысында, ТаннуОланың солтүстігінде жатқан Цзянычжоу Кемчжаут аймағы айтылып отыр.
Сонымен, бізге белгілі деректемелердің бәрінде керейлер емес, керейіттер туралы айтылады. Бұдан шығатыны: көптеген зерттеушілердің айтып жүргеніндей, керейлер мен керейіттерді бір деп санауға, керейіттер керейлердің «батысқа кеткен» бөлігінен шыққап деп есептеуге болмайды.
Біз X-XIII ғасырларда керейлер болған жоқ, керейіттер болған, олар өздерін Шыңғысхан талқандағанға дейін ертедегі феодалдық күшті мемлекет еді, ал «олардың көсемдері құдіретті патшалар болған» деп санаймыз. Керейіттерді Шыңғысхан талқандағаннан кейін олардың бір бөлігі Ертістің төменгі ағысын бойлай қашып, оның мүмкін болған жерінде орын тепкен. Керейіттердің бір бөлігі Ертістің батыс жағына, содан соң одан да әрі қарай бет алған. Олардың көбісі өздерімен көршілес Алтай халықтарының құрамына кірді. Бірқатары тіпті басқа халықтардың құрамында да өздерінің бастапқы этникалық атауын сақтап қалған. Керейіттердің Ертіс бойымен, содан соң Солтүстік Қазақстан даласына кеткен бөлігі өз атауындағы «іт» жалғауын жоғалтып, «керей» деп атала бастаған да, содан соң дербес керей тайпасы ретінде қазақ халқының құрамына кірген.
Керейіттерді біз доолос тайпасы қырғыздарының арасынан да көреміз. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Кіші жүзге кірген керейіт руының шыққан тегі туралы мәселе бізге қысқаша алғанда осылай сияқты.
киши жуз, керейит, керейиттер, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, ,
3 3 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.