Біз мектеп қабырғасында бірге оқыдық бірге үлкен сапарға жол тарттық,үлкен үмітпен оқуға да құжаттарымызды тапсырдық,екеуіміз екі қалаға оқу орнына түстік бір бірімізге сеніміміз нық болып өз сезімдерімізді шыңдай бердік.Міне қазір қарап отырсам 5-6 жыл болып калыпты.Көз жүгірте қарасам қызығы мен шыжығы өмірде қатар жүреді екен,кейін өткеніңе қарасаң өкінетін қуанатын кездерін болады екен…
Мектеп қабырғасынан жүрген жігітім Нұрболат екеуіміз 3 жыл екі жақта жүрдік сөйлесіп бір біріміздің махаббатымызға берік болып жүріп жүрдік бір ғана сәт екен ғой араға шайтан араласам десе ұрыс шығып екі жаққа өз жолымызбен кете бердік…
Айырылысқан қандай қиын еді жалғызсырап сағынасын аңсайсын әттең қыз баламын намыс жібермейді хабарласпай көп айлар жүрдік,сөйтіп жүргенде басқа Асылбекпен де танысып оған бауыр басып кездесіп жүрдік,күндердін күнінде ол маған өз сезімін білдіріп бірге жүрдік сырларымызбен бөлістік,ойнадық,күлдік,қызықты күндер өтті мен оны ол мені ұнатты содан ол маған үйленуге ұсыныс жасады менің қуанышым қойныма сыймай өмірде ең бақытты жанға айналдым арман мақсаттарымыз да көп еді бірге өмір бойына қол ұстасып сол мақсатыма жетем бе деп үміттеніп жүргенде ата-анам қарсы болды мүлде араласуға тыйым салды содан не керек екеуіміз екі жолмен кете бердік әрине мен өз ата-анаммен ешкімді теңестіріп,таңдай алмаймын…
Өмір не өте береді,тірі адам тіршілігін жасайды оқуымды оқып,жұмысыма барып келіп жүре бердім.Бір күні жұмысымда отырғанымда Нұрболат хабарласты мені ұмыта алмағанын,мені сағынғанын,мені өмір бойына сүйіп,аялап өтетінін,менсіз өмір сүре алмайтынын айтып мені сендірді,қайта екеуіміз шешімге келіп қайта сөйлесіп,араласып,үйленетін шешім қабылдадық. Екі жақ ақылдасып сөйлесті,той болатын күнді де белгіледік. О құдайым ай мың да бір шүкір осы күнге жеткізгеніңе деп қуанып шат күлкіде жүрдім, әбден өзіме Нұрболатқа сенімді болдым.Содан соң қанша жыл бірге қол ұстасып жүрген Нұрболат мені үйленер күн белгіленді құдай қаласа үйленеміз бәрі бәрі жақсы болады деп мені төсек қатынасына шақырды мен басында қарсылық білдірдім неке қиылсын әр нәрсе өз орнымен болсыншы дедім ол жаным құдай қаласа бәрі жақсы болады мен сені ешқашан тастамаймын,өмір бойына бағалап өтемін деп сол түні алғаш бірге болдық қаншама жыл сақтап жүрген бар мақтанышым,арым,намысым,бар өмірімді сол Нұрболатқа арнадым,таза,пәк күйімді алғаш ол мені өз құшағына алды,бақыттан басым айналып жақсы күндер өте берді,өте берді той болатын күнде таяп қалды,санаулы күндер қалды…Құдайым ай сонша жақсылыққа қимайтындай не жаздым екен арамыз бір ғана сәтте өзгеріп,адам баласы тез ақ екен ғой өзгеретіні ол маған жаман көзқараспен қарап,енді сен қайда кетесін менен болды өмір бойына менімен боласын бәріне шыдайсын деп мүлде мүлде өзгеріп,айтпағанды айтты қаншама,түнді жылаумен өткіздім,шыдаймын бәрі бәрі өткінші ол жаман әдетін қояды,өзгереді деп үміттеніп жүрдім,амал қанша мені өз құлынан төмен санап аяқ астына таптады….Мен оны жан жүрегіммен сүйгеннен бәріне шыдап артын күтіп жүрмін қазір мен күнделікті түнім жылаумен күндіз күлкіммен достасып жүрген хәлім бар.Осы уақытта той да бәрі бәрі болмайтын болып шешім қабылданды…Сонда айырылысуға не себеп болды десеңізші екеуіміз екі қалада жырақта жүрдік ол маған айтады сен маған берілдін мен қайдан білем сен басқа қалада не істеп жүргеніңді мүмкін басқа жігітпен болып жүрген шығарсың дейді мен оған қалай ақталамын айтындаршы,неге сенбейді екен түсінбедім????Мен ендігі өмірім не болады екен, неге үміт артайын, неге сенейін, қай жақсы өміріме сенейін….білмедім, неге қателестім,сүйгенім,сенгенім үшін кінәлімін бе?!…..
Подписаться
0 Комментарии
Старые