Ойын-сауық порталы

Күн сайын оқылатын дұғалар

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

– Кімде-кім азанда-кешке 3 рет «Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил-арди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиул-алим» десе, оған ешнәрсе зиян келтіре алмайды.

– Кімде-кім таңертең 3 рет «Әузу билләһиссәмиил-алими минәш-шайтанирражим» деп, Хашр сүресінің соңғы 3 аятын оқыса, Аллаһ оған 70000 періштені өкіл етеді, олар кешке дейін оған дұға етеді.

– Кімде-кім азанда-кешке 7 рет «Хасбуналлаһу ла илаһә иллә Һу, алейһи тәуәккәлту уә хуә Раббул-аршил-азим» десе, Аллаһ оның дүние мен ақырет істеріне көмектеседі.

– Күнде 100 рет «Лә хаулә…» -ны оқыған адам ешқашан кедейлікті басынан кешірмейді. Бұл жұмақ қазыналарының бір қазынасы.

– Күнде маған 100 рет салауат айтқан адам мұнафықтық пен тозақ отынан алыстайды және қиямет күні шәйіттермен бірге болады.

– Кімде-кім күнде 70 рет кешірім сұраса, (астағфируллаһ) десе, 700 күнәсі кешіріледі.

– Күнде 25 рет «Аллаһумма барик ли филмәут уә фи-ма бадәл-маут» дегендер, өлгелі жатқанда 40 рет «Ла илаһә иллә әнтә субханакә инни кунту мин-әз-залимин» дегендер, күнде кешке Ясин сүресін оқығандар, күнде таңертең немесе кешке 3 рет «Әузу билләһиссәмиил алими минәш-шайтанирражим» мен «Һуаллаһулләзи»-ді оқығандар шәйіт болады.

– Күнде таңертең Аятул курси, Ихлас және Фатиханы оқып, өлгендердің рухына бағыштау керек.

– Дерттен құтылу, мақсатқа жету, дін және дүние зарарынан құтылу үшін 500 рет «ла хаулә уәлә қууатә иллә биллаһ» және басы мен соңында 100 реттен салауат оқып, дұға ету керек.

казакша,қазақша,дугалар,дұғалар,кун сайын окылатын
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments