Күзгі салқын тағы есіме салды сенің бейнеңді,
Қимай қарап тұрмын, сақталған күлгін түсті жейдеңе
Ұмытайын десем де естеліктер ойыма келді,
Бірге болған сәттер әлі күнге есімде.
Қолыңнан ұстап, жылу берген сәттерді,
Сағынышқа толы сезім алып келді.
Өткенде қалған айтылмаған “әттеңім”,
Бүгін ішіме сыймай жазылды дәптерге.
Үнсіз тұрдың, қарамай көзіңе,
Жүзіңнен бір салқындық сезіле.
Жүрегім дірілдеп, мұң ішке тастады.
Сол кештен бастап мен көз ілмей,
Жүрегім қалды тек сені іздей,
Сағыныш оты өртеді жанымды.

