Ойын-сауық порталы

Мәдина Ералиева – Қош енді, қош бол, күрең күз ТЕКСТ

Мәдина Ералиева – Қош енді, қош бол, күрең күз
Сөзі:М.Мақатаев
Әні:Г.Дәукенова

Көк кілем менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күз.
Жаз келер және жап-жасыл
Жақсылық тағы тілерміз,
Жадырап өмір сүрерміз
Қош енді, қош бол, күрең күз.

Қайырмасы:
Қош енді, қош бол, күрең күз,
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем, түнердім
Білермін, қалай білермін?

Жыртылып жатыр күрең жер
Күрең жер – тозған кілемдер
Күрең тау, анау күрең бел
Күрең бел жиған кілемдер
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.

Қайырмасы:
Қош енді, қош бол, күрең күз,
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем, түнердім
Білермін, қалай білермін?

Қош енді, қош бол, күрең күз
Ақ қысты тездеп жібергіз
Ақ қыстай аппақ бір елміз,
Ширығып, біраз, жүрерміз
Шынығып өмір сүрерміз
Қош енді, қош бол, күрең күз.

тексти, матини, мәтіні, сөздері, создери, текст,олен создери, ан создери, андер, олендер, тексты, казахские песни, казакша андер, қазақша әндер, жана андер, ески андер, жаңа әндер, ескі әндер, мадина ералиева, кош енди кош бол курен куз
1 1 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments