...

Майра Ілиясова – Сарыарқа ТЕКСТ

Майра Ілиясова – Сарыарқа
Әні: М.Жанболатов
Сөзі: Т.Әміренов

1. Жазғы таңның жайдары ескен самалы
Масайратты тау менен орман, даланы.
Қандай қызық өркені өскен өлкенің
Асқақ әні бойды билеп барады.

Қ-сы:
Ай, сағындым Сарыарқаны,
Ай, сағындым Шыңғыс алқабын!
Тамылжыта ән шырқа, сүйген сәулешім
Біздің арқа – ән менен жырдың дарқаны

2. Жазғы түннің жаныңа жайлы кешінде
Асыр салып ойнауші едім төсінде.
Сай-салаңнан сәулеммен сүйген гүл теріп,
Сайраңдаған жас күнім әлі есімде.

3. Бала кезден баурады сенің құздарың,
Шынықтырған бетімнен сүйіп ызғарың,
Өскен өлке, ата-ананың борышын
Өтейді енді, ұлдарың менен қыздарың.

,, майра илиясова, сарыарка
4.3 4 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх