Мәлік Жамбылұлы — Сәт сайын ТЕКСТ

Қан тамырда, жан мен тәннің арасын
Жүзіп өтіп барлығын.
Сен сәт сайын жақын болып барасың.
Бұзып өтіп барлығын.

Мекен етіп махаббаттың қаласын
Бекетінде сезімнің.
Сен сәт сайын жүрекке еніп барасың,
Бөлшегімдей өзімнің.

Қия шыңға қанатымды қағасың
Қайырылған кезде де.
Сен сәт сайын өзім болып барасың
Қия алмайтын өзгеге.
Қия шыңға қанатымды қағасың
Қайырылған кезде де.
Сен сәт сайын өзім болып барасың
Қия алмаймын өзгеге

Қос ғасырда бітпес деуші ем таласым
Бейбітшілік әкелдің.
Сен сәт сайын бақыт болып барасың.
Енді тапқан екенмін.

Бір адамның, жан, жүрегін, санасын
Жаулап алдың, не мұның?
Өмір — сен боп, сен — өмір боп барасың
Өзгермеші өмірім.

малик,жамбылулы,сат
Прокрутить вверх