Мақпал Жүнісова – Кетсең де шалғай
Әні: С.Қайырғалиев
Сөзі: Б.Баймұханов
1. Арманым менің,
Аяулым едің,
Табысар бізге күн бар ма?
Толассыз іздеп, даланы кезсем,
Қоятын маған сын бар ма?
Қ-сы:
Кетсең де шалғай,
Жанарымды алмай,
Қараймын сенің бейнеңе.
Түсімде көріп,
Аймалап, өбіп,
Қысамын ыстық кеудеме.
2. Тыңдайды гүлің бұлбұлдың үнін,
Сағынып сені армандай.
Күткенмен, күнім, келмейсің бүгін,
Тағдырдың жолы тар қандай.
3. Айтатын әнім, күтетін таңым
Өзіңсің, жаным, жалғанда.
Шын сүйсе жүрек,
Аңсайды тілеп,
Өзге ойы оның болған ба!