Марат Омаров – Алғашқы махаббат
Әні: М.Омаров
Сөзі: Қ.Қазыбеков
1. Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балалық кезімді
Қалайша кешірем?
Қалайша кешірем?
Кешірем
Қ-сы:
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді,
Мәңгілік бақ құсым
Коштасқым келмейді,
Коштасқым келмейді.
2. Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған,
Кетуге қимаған.
Қимаған.
3. Айтпаған әнімді
Кімге мен арнаймын,
Үмітім үзілсе,
Қайтіп мен жалғаймын,
Қайтіп мен жалғаймын,
Жалғаймын.