Marhaba Sabi — Men kelem ТЕКСТ

Мен келем
Кейуана жерменен
Тау іздеп баспаған
Жол іздеп жүрмеген
Бұл өмірге ғашық, кең ғып құшағымды жаңа күнге ашып
Мен келем
Кейуана жерменен
Көп нәрсе баяғы
Көп нәрсе өзгерген
Мен де бірге көшіп, өмір ағысымен жылжып, өніп — өсіп

Өмір сый сый сый сый
Бар болғанымыздың өзі игі, оу игі
Өмір сын сын сын сын
Сынып кетпей шыдасақ бір игі
Өмір жәй жәй жәй жәй
Жасалған, жасалмаған таңдаулар
Ал, таңдаңдар
Әлем үй үй үй үй
Гүлдететін, күл ететін біз, адамдар

Мен келем
Кейуана жерменен
Су іздеп ішпеген
Күй іздеп кешпеген
Бұл өмірге ғашық, асық, жүрегімді жаңа күнге ашып

Өмір жәй, жәй, жәй, жәй
Жасалған, жасалмаған таңдаулар
Ал, таңдаңдар
Әлем үй, үй, үй, үй
Гүлдететін, күл ететін біз, адамдар

мархаба,саби,мен,келем
Прокрутить вверх